«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ирландиялық Иан Гэрриден басым түскен Шавкат Рахмоновты UFC-дегі кезекті жеңісімен құттықтады», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Мемлекет басшысы қазақстандық атлеттің кәсіби спортта жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді.
Айта кетейік, былтыр Қасым-Жомарт Тоқаев аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдап, оны Лас-Вегаста өткен UFC турнирінде жеңісімен құттықтаған еді. Президент Рахмоновтың жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігінің жас ұрпақты жігерлендіріп, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратынын атап өтті.
Спортшы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруге тілектестік білдірді. Шавкат Рахмонов Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын айтып, жанкүйерлердің үмітін ақтап, ел мерейін асқақтата беретінін жеткізді.
«Иә, ол мені қылқындырып тастаған»: Рахмоновтың қарсыласы спаррингте жеңіліп қалғанын мойындады
Еске салайық, бұған дейін UFC жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста өткен турнирде ирландиялық Иэн Гэрриді жеңіп, келесі титулға таласу мүмкіндігіне ие болды. 30 жастағы қазақстандық (18-0) пен 27 жастағы ирландиялықтың (15-0) кездесуі UFC 310 турнирінің басты оқиғасы болды. Турнир АҚШ-тың Невада штаты, Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтті. Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри арасындағы жекпе-жек UFC 310 турнирі аясында өтті. Бұл кездесу 5 раундқа созылып, Рахмонов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
фото:Ақорда
https://stan.kz/tokaev-shavkat-rahmonovti-ufc-degi-kezekti-zhenisimen-k-410824/