Тоқаев қаңтар оқиғасы туралы алып-қашпа әңгімелер әлі де бар екенін жеткізді

84

Мемлекет басшысының айтуынша, қаңтар оқиғасы сынды жағдайлар әлем тарихы үшін қалыпты жағдай.

“Қаңтар оқиғасынан үш жыл өткенде азаматтарымыздың көпшілігі елімізде бұрын-соңды болмаған осы дүрбелең көпе-көрінеу әлеуметтік әділетсіздіктің, саяси тоқыраудың, қаскөйлердің шектен тыс менмендігінің және олардың халық пен мемлекет тағдырына немқұрайлы қарауының кесірінен орын алғанына әбден көз жеткізді. Өкінішке қарай, бұл – әлем тарихы үшін қалыпты жағдай. Мұндай жайттар Қазақстандағы оқиғаға дейін де болған, кейін де бола береді деп ойлаймын”, – деді президент.

Тоқаевтың сөзінше, Қаңтар оқиғасы кезінде көліктер қирап, әйелдердің зорлық-зомбылыққа ұшырағанын ұмытпау керек.

“Қаңтар оқиғасы туралы сөз бол­ғанда, әр адам сол күндері көліктердің қирағанын, дүкендердің тоналғанын, қаскөйлердің мемлекеттік ғимараттарды басып алғанын, сарбаздардың соққыға жығылғанын, қару-жарақтың ұрланғанын және әйелдердің зорлық-зомбылыққа ұшырағанын еске алуы керек. Жауапкершіліктен жұрдай саясаткерсымақтардың шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат таратып, мемлекеттігімізге шынымен де қатер төнген сәтті жұрттың жадынан өшіру үшін әрекет жасауына жол бермеу керек”, – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, сол кезде тәртіп­сіздікті бастаған және төңкерісті ұйым­дастырған адамдардың қимылына дереу тосқауыл қойып, батыл әрекет жасамағанда, қазір Қазақстан дербестігі мен егемендігі әлдеқайда шектеулі, мүлде басқа мемлекетке айналар еді.

Фото: Валерий Шарифулин/ТАСС

https://stan.kz/tokaev-kantar-okigasinin-basti-sebebin-aytti-412004/

Leave A Reply

Your email address will not be published.