Тоқаев ішкі істер министрі орынбасары мен президент іс басқарушысы орынбасарын лауазымдарынан босатты
“Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Иматұлы Сүнтаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды”, – делінген бейсенбіде тараған ақпаратта.
Сүнтаев 2020 жылдың наурыз айынан бері вице-министр қызметін атқарды.
“Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Сапарұлы Оразбай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды”, – деп қосты Ақорда.
Оразбай бұл қызметті 2019 жылдың желтоқсан айынан бері атқарды.
https://stan.kz/tokaev-kayrat-s8ntaevti-ishki-ister-ministri-orinbasari-393121/