Тоғызкент орта мектебінде робототехника кабинеті ашылды

1 074

Тоғызкент орта мектебінде робототехника кабинеті ашылды.

Сарысу ауданда 8 мыңға жуық оқушы «Алғашқы қоңырау» мерекесіне қатысты. Бүгінде аудандағы білім саласында 1800-ден аса ұстаз еңбек етеді. Биылғы оқу жылында ауданда барлығы 1100 бала мектеп табалдырығын аттады.

Жылдан-жылға білім нысандарының материалдық-техникалық базасы нығайып, жаңа озық технологиялармен жабдықтау жүзеге асуда.

Аудан әкімі Балабек Нарбаев білім күнінде Тоғызкент орта мектебінде болып, оқушылар мен ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Қазіргі кезде бұл мектепте химия кабинеті уақыт талабына сай жаңартылған. Облыс бойынша жоғарғы бағаға ие болған мектеп музейі жұмыс істеуде. Ал білім күні қарсаңында жаңадан робототехника кабинеті ашылды. 

Жалпы, ұлттық біріңғай тестілеуқорытындысы бойынша осы мектеп түлектерінің орташа баллы — 81,4 болды. Бұл ұстаздардың еселі еңбегінің жемісі. Сондай-ақ, алдағы уақытта Абылайхан атындағы орта мектепті мектеп-лицей етіп құру жоспарлануда. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.