Қостанайлық клуб «Пюник»-«Тобыл» арасындағы ойындағы тәртіп бұзушылықтарға байланысты УЕФА-ға шағым түсіреді.
Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Пюник»-«Тобыл» арасындағы кездесу армениялықтардың пайдасына шешілгенін хабарлаған болатынбыз.
«Тобыл» футбол клубының аталған кездесудің төрешілер қосыны және армениялық тараптың матчты ұйымдастыруына қарсы шағымы бар. Сондай-ақ, біздің команда «Пюник» ФК техникалық аймағында болған қызметкерлерінің қостанайлықтарға қарсы бұзақылық қимылдарына наразы», — делінген «Тобыл» ФК ресми сайтында.
Ал бас бапкер Владимир Никитенко «Тобылдың» Еуропа Лигасындағы жорығы аяқталған соң келесі күні-ақ клуб басшылығынан босатуды өтінген еді.