«Дені саудың – жаны сау», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп қазақ халқы айтпақшы қазіргі кезде келер ұрпақ жаман әдеттерге үйір, еліктегіш болып өсіп келе жатқаны жұртшылықты алаңдатады. Осы орайда Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырысы шеңберінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі, «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізу» жобасы аясында жасөспірімдерді жат қылықтардан сақтай отырып, есірткінің жас ағзаға зиянды екенін түсіндіру жұмыстары мен жастар арасында АИТВ/ЖИТС жұқпалы аурудың алдын алуға колледж студенттері арасында іске асырды. Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. Салауатты өмір салты дегеніміз – ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әдеттерден аулақ болу деген сөз. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп жастарымыз салауатты өмірді таңдап, жат қылықтан аулақ болса болашағымыз жарқын болары анық.