Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мәртебесін арттыру мақсатында «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық жастар форумын өткізді.
Форумда тіл жанашырлары мен белсенді жастар Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі мен Тіл саясаты комитеті төрағасының, облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.
Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы мен «Жас Отан» Жастар қанатының өкілдері, тіл жанашырлары, аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің тіл мамандары, этномәдени бірлестік өкілдері, Тараз қаласындағы мектептердің мұғалімдері, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, облыстық БАҚ өкілдері қатысты.