«ТИФЛОМУЗЕЙ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «ҚОЛЫҢМЕН ҰСТАП, ЖҮРЕКПЕН СЕЗІН!» АТТЫ АРНАЙЫ ЗАҒИП ЖАНДАР ҮШІН ЭКСПОЗИЦИЯЛЫҚ КӨРМЕ ӨТТІ

318

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Республика бойынша алғаш рет арнайы зағип жандар үшін «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін!» атты «Тифломузей» жобасы аясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің Орта ғасыр тарихы залында музей жәдігерлерінен экспозиция жасақталды. Замануи үлгідегі QR-код қойылған экспозиция, мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға смартфонға жәдігердің кодын енгізу арқылы Орта ғасырлық тарихқа саяхат жасауға мүмкіндігін арттырады.

Іс-шара мақсаты – халқымыздың ұлттық тарихи-мәдени құндылықтарын және кітаптан оқыған, құлақпен естіген мағлұматты қолмен ұстап сезінуге, ой өрісін дамытуға жол ашу, сонымен қатар музей экспозициясына еркін қол жеткізуге жағдай жасау. Бүгінгі күні QR-код 30 жәдігерге қойылса, келесі кезекте тас дәуірі жәдігерлерінен қазіргі заман тарихына дейін қамтылып, аталған жоба сурет әлемі мен ұлттық қолөнеріміздің қыр-сырымен таныстырумен жалғасады.

Сондай-ақ, аталған көрмеге №2 арнаулы «Болашақ» мектеп-интернатының оқушылары мен қызметкерлері, ЖОО студенттері мен арнаулы кітапхана оқырмандары, музей қызметкерлері қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.