Теріс ағымдар орға жығады

308

Жуырда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД 158/1 мекемесінің тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімшесінің ұйымдастыруымен мекеменің мәжіліс залында, ЖД-158/1 мекемесінің сотталғандар арасында «теріс ағымдардың алдын алу» атты тақырыпта түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Еуразиялық Ұлттық Университетінің PGD докторы, дінтанушы теологы Кеңшілік Тышхан Қоғамда болып жатқан терорлық әрекеттер мен исламның ешқандай байланысы жоқ. Ислам сөзі бейбітшілік амандық есендік деген мағынаға саяды. Ислам діні жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты орнату үшін жіберілген құдайдың соңғы діні деп айтып семинар сабақты ашты.
Дәріс барысында Хибатула Тарази мешітінің наиб имамы Бактияр Амиреев Дін адамға Құдаймен, басқа адамдармен, қоршаған ортасымен қалай қарым-қатынас жасауды үйретеді деген ұғыммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға Еуразиялық Ұлттық Университетінің PGD докторы, дінтанушы теологы Кеңшілік Тышхан және Хибатула Тарази мешітінің наиб имамы Бактияр Амиреев дәл және нақты жауап берді.

Т. Түсіпбеков,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/1
мекемесінің АКАТЖБ ТБТ аға инспекторы,
әділет капитаны 

Leave A Reply

Your email address will not be published.