Теміртауда пәтерден үш адамның мәйіті мен аш иттер табылды

24

Тұрғындар көрші пәтерден сасық иіс сезген…

Теміртауда Уәлиханов көшесіндегі тұрғын үй пәтерлерінің бірінен полицейлер мен төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері адамдардың денесі мен аш иттерді тапты.

Тұрғындар көрші пәтерден сасық иіс сезген. Сондай-ақ иттердің ұлыған не қыңсылаған даусынан мезі болған. Содан кейін олар полицияға хабарласқан.

Мәйіттердің бұл пәтерде қанша уақыт жатқанын білмейміз. Иттердің үнемі үріп, қыңсылағанын байқадық. Содан көршілер жаман иісті сезді. Полиция шақырдық, олар құтқарушылармен бірге келді. Есікті ашса, 3 мәйіт пен аш иттер жатыр екен. Бұл – пәтердің иесі, оның ұлы және басқа ер адам, яғни баланың досы болуы мүмкін. Біз әйелдің қатерлі ісікке шалдыққанын білдік. Иттер ыңылдап, қарны ашқан. Марқұмдардың бетін тістеп тастағаны анық, бірақ көп емес, — дейді марқұм әйелдің көршілерінің бірі.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу басталғанын хабарлады.

Мәйіттер Теміртаудағы пәтерлердің бірінен табылды. Олар зорлық-зомбылық салдарынан өлмеген. Өлімнің себептерін анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады, – деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

фото: Halyq Uni

https://halyq-uni.kz/aleumet/40795-temirtauda-p-terden-ush-adamnyn-m-iiti-men-ash-itter-tabyldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.