Тек ғана алға….

60
— Адамдар құлағаның туралы ғана айтады
Жылағаныңды айтпайды.
— Адамдар ашуланғаның туралы ғана айтады
Кешіргеніңді айтпайды.
— Адамдар алғаның туралы ғана айтады
Бергеніңді айтпайды.
— Адамдар кемістігің туралы ғана айтады
Жетістігіңді айтпайды.
— Адамдар «асай алмағаның» туралы айтады
Жасай алғаныңды айтпайды.
— Адамдар жегенің, кигенің, мінгенің туралы айтады
Жеңгенің, көнгенің, жеткеніңді айтпайды.
— Адамдар тек жамандығыңды ғана айтады
Жақсылығыңды айтпайды.
— Адамдар кемістігің туралы ғана айтады
Табиғатыңды айтпайды.
— Адамдар өткенің туралы ғана айтады
Бүгініңді айтпайды.
СОСЫН:
Дүниеге келгенің туралы ешқашан айтпайды
Өлгеніңде ғана айтады.
Адамдар жалпы сондай болғандықтан
Мұңайып, бұртиып, өкпелеп, қайғырып…
Уақытыңды текке өткізіп қайтпексің…
Тіптен де көбірек тырмыс, алға ұмтыла бер досым! ..
Үлкен ойла, үлкен тіле, үлкен арманда… үлкен қиялда…
Қаласаң, орындалмайтын ештеңе жоқ … Қолыңнан келеді
Адамдарға көмектес, оларды жақсы көр, оларды құрметте ….
Жауабы қайтады
Сосын өмірді сүй, бос жүрме, қалағаныңды істе…
Өмірдің дәмін сезін, ләззат ал … Саған ұнайтын болады
Тек ғана алға….⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️

Leave A Reply

Your email address will not be published.