«Тек ақша муляждарын берді»: Адвокат Ғазымжанов Бишімбаевтың жазаны жеңілдету үшін ешкімге қаражат жібермегенін айтты
Фото Жоғарғы сот
Бұған дейін Антикорда елорда тұрғыны Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдеткені үшін 100 миллион теңге сұрады деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. Газымжанов алаяқтық фактісі бойынша жаңа мәліметтерді айтты.
«Ақша беру фактісі болған жоқ. Бишімбаевтың ата-анасын бопсалау ғана болды. Кейін олар оған тек ақша муляждарын берді. Сол арқылы ол адам ұсталды. Менің ойымша, егер оған көмектесіп, артында тұрғандар бар болса, олар да ұсталады», — деді адвокат.
Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді бұл іс туралы білмейтінін айтты.
«Мен бұл туралы ештеңе білмеймін. Себебі маған ешқандай қатысы жоқ. Бұл ол отбасының жеке ісі. Өздері шешсін», — деді Айтбек Амангелді.
Еске салсақ, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет астаналық әйел Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін 100 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінгенін мәлімдеді.
https://stan.kz/tek-aksha-mulyazhdarin-berdi-bishimbaevtin-advokati-zha-402371/