ТАЗАРУ КҮНІНДЕГІ ТАЗАЛЫҚ

20
«Тазалық табалдырықтан басталады» демекші, көктемнің шуақты күні қым-қуыт тірлік пен жаңарудан басталады. Бұл күні халық тазалыққа баса мән беріп, қолға күрек ап, қызу жұмыстарға білек сыбана кіріседі.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ұлыстың ұлы күніне орай, бекітілген Наурыз мерекесінің онкүндігінің соңғы Тазару күні ауданымызда кеңінен аталып өтті. Қала мен барлық ауылдық округтерде ұйымдастырылған акцияға акцияға мекеме, бөлім, кәсіпорын қызметкерлері мен тұрғындар тартылды. Тазалық жұмыстары барысында аудан аумағынан күл-қоқыс шығарылып, тазартылды. Сонымен қатар, Орталық алаңдағы «Еңбек ерлері» аллеясында 52 дана, сахна маңына 30 дана, Сағындықов көшесіне 20 дана рухани жаңғыру скверіне 10 дана арша көшеттері отырғызылды.
Шараға аудан тұрғындары да белсенділік танытты. Бірлікпен басталған тазалық шарасы алдағы уақытта да жалғасын табары анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.