Тазалық — табалдырықтан басталады

112
Республика күніне орай аудан аумағында экологиялық акция боп өтті.

Тазалық акциясына Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Есіркепов, ауданның зиялы қауым өкілдері мен тұрғындары, мекеме қызметкерлері, аудан жастары мен еріктілері қатысты.

Барлығы 500-ге жуық ауыл азаматтары қатысқан іс-шарада 10 га аумақ тазаланып, 5 тонна қоқыс заттары шығарылды. 1 га аумаққа 225 жас көшеттер отырғызылды.

Мөлдір Тастанбек Т.Рысқұлов
ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.