Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы Сарысу ауданында қарқынды жүруде.
Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – үйіміз бен туған жерімізді таза ұстау, қоқыс шашпау, халық арасында экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәдениетті сақтауды үйрету.
Осы орайда партия Сарысу аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» жобасы аясында сенбілік өткізді.
Сенбілік Жаңатас қаласында орын алған төтенше жағдай салдарынан су шайған аймақта жүргізілді.
Сенбілікке қатысқан 150 дей партия мүшелері 4 көшені, 7 үйге тазалық жұмыстарын жүргізді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, осы бағыттағы жұмыстар бір реттік акция емес, елімізді көгалдандыру және абаттандыру бағытындағы тұрақты түрде іске асырылатын жұмыстар болып жалғасын табатын болады.