«Таза Қазақстан» акциясы

37
https://www.facebook.com/AkimatZhualy
Баркуаб қалашығына тазалық жұмыстары жүргізілді
Елімізде 2025 жылдың 5 маусым мен 5 шілдесі аралығында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы өтуде.
Акция Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Экологтар күніне орайластырылған және еліміз бойынша «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы шеңберінде жүзеге асуда.
Аталған бастама қоршаған ортаны қорғау мен тарихи-мәдени мұраны сақтау ісінде ерекше маңызға ие.
«Таза Қазақстан» ел тұрғындарының экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы аясында туристік және тарихи-мәдени нысандарға мониторинг және тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылының маңындағы Баркуаб қалашығына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Баркуаб қалашығы б.з.д.ІI-б.з.III ғғ. Жуалы ауданының, Теріс ауылынан 800 м шығыста, Бақалы ауылынан 300 м солтүстік-батыста, Теріс өзенінің оң жағалауынан 230 м жердегі биік террассада орналасқан.
2013 жжылы «Археологиялық сараптама» ЖШС-нің Жамбыл облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы Жуалы ауданы экспедициясы ескерткішті қайта зерттеп, тарихи-топографиялық жобасын түсірді. 2018 жылы 24 маусымынан бастап «Қазгеоархеология» ЖШС-і қалашықта археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады.
Акцияда Баркуаб қалашығы аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, ондағы ретсіз өскен шөптер шабылды. Шараға Көкбастау ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері қатысты.
Все реакции:

9

Нравится

Комментировать
Отправить
Поделиться

Leave A Reply

Your email address will not be published.