«Тәуелсіздік елдің айтысы – адалдықтың жаршысы» атты жас ақындар айтысы өтті

384

Елімізде 2019 жылы «Жастар жылы» деп жарияланған. Сонымен қатар 9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлықпен күрес күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесі, Жамбыл облысының 80 жылдығына орай «Тәуелсіздік елдің айтысы – адалдықтың жаршысы» атты жас ақындар айтысы өтті.
Іс-шарада Тараз қалалық жастар ресурстық орталығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті ұйытқы болып, 14-29 жас аралығындағы жас ақындар арнайы шақырылған болатын. Бүгін 10 қатысушы арасында кіл мықтыдан кім мықты анықталды. Әділ қазылар мүшелерінің құрамында Ахметжан Өзбеков, Айтмұханбет Исақов, Есет Досалы, Равиль Төлебаев бар.
Мүшәйраның мақсаты жастардың бойына АДАЛДЫҚ, СЕНІМ, ПАРАСАТТЫЛЫҚТЫ және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, отансүйгіштікті кеңінен насихаттау.
Тартысты өткен айтыста департаменттің арнайы сыйлығын Шапағат Әбдір иеленді! Қазылардың шешімімен айтыстың бас жүлдесі Елнұр Бейсеновке бұйырды. 1-орынға Медеу Мырзатай лайық деп танылды. 2- орынды Дидар Аббас пен Дархан Әбдіманат бөлісті. Сол секілді 3-орын да қос бірдей ақынға берілді. Олар Мұқағали Балтабаев пен Нұржан Манатбек.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің арнайы жүлдесін Шапағат Әбдір иеленді! Қатысқан барлық ақындарға шабыттандыру жүлдесі мен «Алғыс хаттар» табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.