Тәуелсіздік дәрігерлері

398
Жамбыл облыстық оңалту орталығының невропатолог дәрігері, медицина ғылымының кандидаты
Айгуль Несипбекқызы — сабырлы да салмақты, өз ісіне тиянақты дәрігер. Кәсіби білімділігі мен мейірімділікті ұштастыра білетін, ұйымдастырушылық қасиетке ие жанды пациенттері жақсы көреді. Пандемия кезінде карантиндік стационарға келіп түскен науқастарға жедел түрде алғашқы көмек көрсетіп, өзінің жылдамдылығымен, жауаптылығымен ерекше көзге түскен алдыңғы дәрігерлердің, ақ халатты абзал жандардың бірі.
Тургинбаева Айгуль Несипбекқызы 1970 жылы 22 сәуірде Жамбыл облысында дүниеге келген. 1987-1993 жылдар аралығында Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқып бітірді. 1993-1994 жылдар аралығында Қызылорда облыстық ауруханасында Интернатура өтті. 1994-1995 жылдар аралығында Қызылорда облыстық ауруханасында терапевт дәрігері болып қызмет атқарған. 1995-2005 жылдар аралығында Жамбыл облыстық ауруханасында невропатолог дәрігері болып қызмет атқарған. 2005-2013 жылдар аралығында бөлім меңгерушісі болған. 2006 жылдың 1 шілдеде медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілген.
Жамбыл облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.