Қыдыралыұлының сыйақысы 10 жасқа табысталды

124
Кеше аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly жастармен еркін форматта пікір алмасып, Жаңа Қазақстан құрудағы жастардың бойына керекті қасиеттерді айтты.
— Жастар – қашанда асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Қай елдің болмасын басты капиталы халқы десек, соның ішінде жастар – қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екендеріңіз сөзсіз. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен өркендеуі, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты, — деген Ерлан Қыдыралыұлы аудан атын облыстық деңгейде танытып жүрген 20-ға жуық жастарға құрмет көрсетіп, бағалы сыйлықтар табыс етті.
Аудан басшысының құрметіне бөленген жастар алғыстарын білдірді.
Жамбыл ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.