Ташкентте үй өртеніп, түрлі дене жарақатымен бес адамның мәйіті табылды

44

Фото: yamal-media.ru

Бас прокуратура өкілі Хаёт Шамсутдиновтың хабарлауынша, 26 шілдеде сағат 06:19-да Янгиюль ауданындағы Нұрафшон көшесінде орналасқан үйде өрт шыққан. Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері жетіп, жалынды сөндірген.

Үйді тексеру барысында түрлі дене жарақаттарымен бес адамның мәйіті (1991 жылы туған ер адам, 1999 жылы туған әйел, 2021 және 2022 жылы туған ұл балалар және 2018 жылы туған қыз) табылды.

Аталған факті бойынша Янгиюль аудандық прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 97-бабы (Қасақана кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі таңда прокуратура мен ішкі істер органдарының білікті қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы қылмысты ашуға шаралар қабылдап жатыр.

https://stan.kz/tashkentte-uy-ortenip-turli-dene-zharakatimen-bes-adamn-403912/

Leave A Reply

Your email address will not be published.