Тәртіпсіз ел болмайды,тәртіпке бас иген құл болмайды

1 809

Тәртіпсіз ел болмайды,тәртіпке бас иген құл болмайды — деген Бауыржан атамыздың ұлағатты сөзін тілге тиек ете келе өмірдің өткелінен сүрінген, абайламай от басып опық жеген, азаматтарымыз сотты болып темір торға тоғылатындығы анық. Сары уайым сарсаңға салып, қайғы қысқан уақытта, жаныңа жай таба алмай өкініш оты жүрегінді жандырары сөзсіз. Әрбәр сотталған азаматтың ендігі алар тәрбие-тәртібі,мекеме қызметкерлерінің өзіндік тәжірибелері зор ықпал етуде. Сотталған азаматтарды болашақта қоғамға қауіпсіз отан сүйгіштікке тәрбиелеу ол біздін алға қойған мақсатымыз. Мемлекетіміздің басты байлығы адам және оның құқығы мен бостандығы екендігін жан-жақты түсіндіріп, қоғам үшін әрбір адамның алар орны ерекше екендігі тәрбие берудегіа айқын бағытымыз. Бас бостандығынан айырылған азаматтардың ар-ұждан және діни сенім бостандығына кепілдік бере отырып, негізгі міндеттері мен құқықтары толықтай заң талаптарына сәйкес қамтылған. Мекеменің ішкі тәртібіне сәйкес өмірдің өзі уақыт еншісінде екендігі әрбір минут-сағатты бағалап пайдалы еңбекпен айналасуға бейімдеп, түзелуге өзіндік үлес қосып жүрген мекеме қызметкерлерінің еңбектері ерен. Сотталған азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға, дені саудың тәні сау қағидасын қалыптастыруда тәрбиенің берері, тәртіптің алар орны ерекше айқын. Келешекте әрбір сотталған азаматтың өмірден өзіндік орнын тауып білім алып білікті маман иесі болуынада жағдай жасалынған.
Мекеме жанындағы білім ошағы № 15 кәсіптік Колледжінде оқимын деген ыңталы сотталған азаматтарға көмек қолын созуда. Білімі, тәрбиесі, тәртібі қатар жүретін ЖД 158/4 мекемесінде сотталған азаматтардың түзелуіне шынайы ден қойылып тәртіпті іс-шаралар қызу үстінде.
Мақсат Баетов,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/4 мекемесі режим бөлімінің бастығы,әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.