Тәртіпке бағынған құл болмас

535

Бас бостандығынан айырылған азаматтардың   құқықтық  мәртебесінің басқа санаттағылармен салыстырғанда шектелгендігі Ата Заңымыз  бен қылмыстық-атқару заңнамаларымызда жан-жақты көрсетілген. Аяғын шалыс  басып, қылмыс жасап, темір торға түскен адамдарды қоғамнан бөлуімізге болмайды. Өйткені олар – біздің қоғамымыздың бір мүшесі.

Халқымыздың қаһарман ұлы  Бауыржан Момышұлы «Тәртіпке  бағынған  құл болмас» деген екен. Кез-келген тәрбиенің бастауы тәртіпте  жатыр. Тәртіптің жемісті өтуі – еңбекке баулу.

Бүгінгі таңда  өзекті  мәселенің бірі – сотталғандарды жаза өтеу мерзімі кезінде жұмыспен қамтамасыз ету, еңбек еткізу арқылы біз олардың қоғамға  керек екендігін мойындату, жазасын өтеп шыққаннан кейін де қоғамнан шеттелмей, басқа мамандықты игеріп, маман болуына себепші болудамыз.

Осы салада, ағымдағы жылдың 23 қарашасында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №25 мекеменің өндіріс аумағында бірлескен келісіммен «ТаразКожОбувь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің былғары аяқ киім тігу цехының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Жамбыл облысы прокуратурасының 5 басқармасының бастығы Ө.Арынтаев, орынбасары Г.Қонақбаев, Жамбыл облысы ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Е.Нұрбаев, Жамбыл облысы коммерциялық емес ұйым бірлестігінің басшысы А.Зауыр

бекова қатысты.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.