Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл бойынша ҚАЖ департаменті №25 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғандармен кездесу өткізді. Жиынға №25 мекеме бастығының орынбасары Нұрсұлтан Каипов, өңірлік полиция департаментінің аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Андрей Сухарев, аға жедел уәкіл, полиция майоры Айгерим Каукешов мен белсенді азамат қатысты.
Жүздесу барысында есірткінің адам денсаулығына қандай зиян келтіретіні туралы, есірткіге биімділіктен арылу жолдары, есірткіге қатысты қылмыс жасағаны үшін қандай жазаларға тартылуы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Өз кезегінде кездесуге қатысушылар сұрақтарына жауап алды. Аталған іс-шара жоспарға сәйкес сотталғандардың есірткі, психотроптық заттарды тұтынуы бойынша қылмыстардың алдың алу мақсатында тұрақты түрде өткізіліп тұрады.