Тарих және география кафедрасының доцентімен кездесу өтті

444

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты РММ-25 мекемесінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің білім берудегі тарих және география кафедрасының доцентімен кездесу өткізілді.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты РММ-25 мекемесінің Сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының инспекторлары әділет капитаны Ж.Жақсыбекұлы және әділет аға лейтенанты Ғ.Қалмаханбетовтің ұйымдастыруымен тарих пәнінің мамарымен кездесу өтті. Кездесуде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің білім берудегі тарих және география кафедрасының доценті Джурсунбаев Бахытжан Абсаматович «Қазақ халқына ислам дінінің келуі» тақырыбында мекемедегі жазасын өтеушілерге кездесу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар сабақ барысында қазақ халқының ұстанған жолын және салт-дәстерлерінің қалай пайда болғанын нақты айтып түсіндірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.