Тәрбие бөлімі түсіндірме жұмыстарын жүргізді

67

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесі тәрбие бөлімінің қызметкерлері сот үкімімен жаза мерзімін өтеуге жіберілген жаңадан келген сотталғандармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мекемеге қабылданған сотталғандар 15 тәулікке дейін карантин бөлімінде болады. Бұл мекемеге қабылданған азаматтардың мінез-құлқының негізгі ерекшеліктерін, психологиялық ерекшеліктерін зерттеу, жалпы білім деңгейін анықтау, сотталғанның жаза өтеу тәртібі мен шарттарымен танысуы, сондай-ақ денсаулық жағдайын тексеру және санитарлық-гигиеналық шараларды өткізу үшін пайдаланылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.