Тараздың кәріз тазарту құрылысы 2025 жылы басталады деп жоспарлануда

258

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте Таразда кәріз-тазарту құрылысын салу бойынша жобаны іске асыру мәселелері талқыланды.

Кеңеске қала басшылығы, «Жамбыл су» МКК өкілдері, бейне-байланыс режимінде Еуропалық Қайта Құру және Даму банкінің, сондай-ақ, кәріз-тазарту нысанын салу жөніндегі жобаны іске асыруға жауапты компаниялардың өкілдері қатысты.

1962 жылы салынған Тараздың сарқынды суларын сүзу алаңдары бүгінде қанағаттанарлықсыз жағдайда. Олардың жобалық қуатттылығы тәулігіне 43 мың текше метрді құрайды, дегенмен іс жүзінде күн сайын шамамен 70-80 мың текше метр сарқынды су келіп түсуде. Бұл мәселені шешу үшін жаңа тазарту қондырғыларын іске қосу жобасын әзірлеу қолға алынды.

Тараз қаласының әкімдігімен аталған жоба шеңберінде қаржыландыру, жобалау, құрылыс мәселелерін зерделеу үшін жұмыс тобы құрылған.

Қазіргі уақытта «СЕСТ Consulting» компаниясымен келісім шарт жасалған. Жұмыс тобы компанияның экологтарымен бірлесіп жақын маңдағы елді мекендерде зерделеулер өткізіп, тазарту нысанын салу мәселесі бойынша тұрғындар арасында сауалнамалар жүргізген.

Бүгінде жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалды, жыл соңына дейін мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу күтілуде.

Нысан құрылысы 2025 жылы басталып, 2027 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Аймақ басшысы экологиялық мәселелерді шешу жергілікті атқарушы органдардың басым міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өтіп, жауапты тұлғаларға жобаның іске асырылуын бақылауда ұстауды тапсырды.

 

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.