Елордамыздың 20 жылдығына орай 2006 жылы туылған және одан кіші спортшылар арасында су добынан Астана қаласының ашық кубогы өтті.
Аталған жарысқа еліміздің 9 облысы және Ресей Федерациясынан бас-аяғы 16 команда қатысты. Ал, бұл бәсекеде аймақ намысын облыс орталығындағы №4 спорт мектебінің жас өрендері қорғады. Жарыста тараздық спортшылар Көкшетау қаласымен бір топқа түсті. Тартысты өткен ойынның нәтижесінде Көкшетауды 12-11 есебімен жеңген жерлестеріміз топта бірінші орынға ие болды. Осылайша олар 1/8 финалға шығып, бұл кезеңде қарағандылықтарды 5-4 есебімен тізе бүктірді. Сонымен бірге ширек финалда Астрахань командасын 9-8 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
Ақтық айналымда Астана қаласымен 5-5 есебімен тең түсіп, пенальти қорытындысы бойынша Астаналықтарға жол беріп қойған тараздық команда жүлделі 2 орынды місе тұтты. Ал Астрахань командасы 3-орынға ие болды. Айта кетерлігі, сайыстың нәтижесі бойынша Тараз қаласының ойыншысы Кирил Пантелеев үздік орталық шабуылшы атанып, естелік сыйлық және грамотамен марапатталды.