Әлеуметтік желіде тараздық имамның садақадан түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғаны туралы ақпарат тарады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Оразбек Садықов есімді Facebook-қолданушысы жазған. Ол имамның садақадан түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанына наразылығын білдірді.
… Пітір садақаны лажы болса баласы көп, қантарда зардап шеккен, жағдайы жоқ жанұяларға, ауырып жатқан емге ақша жетпей жатқан азаматтарға берген қабыл болады, таза ниетімен 50- 100 тенге болса да», — деп жазды ол.
ҚМДБ өкілдері видеодағы діни қызметкер «Әл-Әділ» мешітінің имамы екенін растады.
«Видеодағы Lexus маркалы автокөлік діни кызметкерге тиесілі емес. Рамазан қайырымдылық айы болғандықтан, еліміздегі барлық мешітте қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылады. «Әл-Әділ» мешітінің имамы жамағатпен бірге қайырымдылық шарасын өткізу барысында осы видеоны әлдебіреулер сыртынан түсіріп алған. Видеодағы Lexus маркалы автокөлік мешітке келуші азаматқа тиесілі екені анықталды», — делінген жауапта.