9-10 қыркүйекте Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бүгін Жамбыл облысынан елордаға ауылшаруашылығы өнімдері жіберілуде.
Жалпы құны 168,6 млн. теңгені құрайтын 298,8 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылуда.
Атап айтқанда, 33 тонна ет өнімдері (жылқы, сиыр, қой еті), 3,2 тонна тауық еті, 4,0 тонна шұжық өнімдері, 14,0 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 1,0 тонна кондитерлік өнімдер, 3,4 тонна макарон өнімдері, 10,0 тонна балық, 5,0 тонна бал, 208 тоннадан астам көкөніс-бақша және жеміс-жидек өнімдері бар.
Жамбыл облысы