Қала күні қарсаңында Жастар саябағы қайта жөндеуден өтіп, студенттердің бас қосатын орнына айналмақ. Өйткені саябақта білім стелласы және Жүсіп Баласағұнның жас кезінен бастап қартайғанға дейінгі кезеңді қамтитын ескерткіші салынады. Білімнен бөлек жастардың демалыс орнында махаббаттың символына айналған Қарахан мен Айша бибі стелласы бой көтереді. Сондай-ақ саябақтың су бұрқақтары жаңартылып, ұлттық ою үлгісінде гүлдер егілетін болады. Бір сөзбен айтқанда Жастар саябағы білім мен махаббаттың орталығына айналады.