Тазалық — өркениетті елдің өлшемі. Қала ажары тазалыққа тікелей байланысты.
Бүгін облыс орталығында жалпықалалық сенбілік өтті. Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, тәртіп сақшылары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, шаһар тұрғындары мен еріктілер қатысты. Әр мекеме өзіне тиісті аумақты қоқыстан тазалады. Осы тазалық шарасында жиылған күл-қоқысты
“Жасыл Ел-Тараз” еңбеккерлері қала сыртындағы арнайы орынға шығарды.
Тазалық жұмыстарына жұмылу — баршаға ортақ міндет. Осы орайда қала тұрғындарын тазалық жұмыстарына атсалысуға шақырамыз!
Тараз қаласының әкімдігі