Таразда «Ұлы дала рухы» фестивалі өтуде

924

Тараз қаласындағы «Достық үйінде» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасайтын «Ұлы дала рухы» фестивалі өтуде.

Шара аясында республикаға танымал белгілі иллюстратор-суретші Аңсаған Мұстафаның «Сөйле сурет» атты көрмесі қойылды. Сондай-ақ, облыстық деңгейдегі БАҚ-тардың көрмесі ұйымдастырылып, облыстағы фотографтардың еңбектері қонақтар назарына ұсынылды.

Фестиваль концерттік және шоу бағдарламалармен сүйемелденіп, республикаға танымал айтыскер Рүстем Қайыртайұлы мен жамбылдық жас ақын Дархан Әбдіманаптың арасындағы жекпе-жек айтыспен жалғасты. Сонымен қатар, тараздық ақындар – Жанғазы Ахмет, Нұржан Қадырәлі және Нұрболат Сатымқұлдар өлең оқыды.

Сондай-ақ, рухты әндерімен барша қазақ тыңдармандардың жүрегін жаулаған «Алашұлы» тобы өнер көрсетіп, Ғани Мәтебаев, Жазира Сметова және Ербосын Қасымбек секілді елімізге танымал тараздық әншілер де шара қонақтарын әнімен тербейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.