Таразда Ұлт ұстазының мерейтойына арналған халықаралық конференция өтті

21 260

Ағымдағы жылдың 10 қарашасында Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы Халықаралық Тараз инновациялық институтымен бірлесе отырып педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Ыбырай Алтынсарин: Жалпыұлттық педагогиканың қалыптасу тенденциялары» тақырыбына жас ғалымдар арасында Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды.

Конференцияның жұмысына Қырғыстан, Өзбекстан, Түркия, Қарақалпақстан, Түркіменстан мемлекеттерінен, Қазақстанның барлық облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан білім беру ұйымдарының, республикалық маңызы бар мектептердің, халықаралық мектептердің педагогикалық қызметкерлері, халықаралық, ұлттық
ЖОО-ның, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, студент, магистрант, докторанттар, PhD докторлары және колледж оқытушылары қатысты.

Конференцияның пленарлық отырысына облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы С.Берікқожа, Халықаралық Тараз инновациялық институты ректорының кеңесшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор С.Тәжібаев қатысты.

Конференцияда «Ыбырай Алтынсарин – балалар əдебиетінің атасы» тақырыбына Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Жалпы педагогика» кафедрасының доценті Н.Кушеров, «Әлем қазақтың Ыбырайын қалай таныды?» тақырыбына Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің «Шығыстанушы» мамандығының І курс магистранты Б.Сапарбаев, «Ұлт ұстазының ұлағатты жолы» тақырыбына Шымкент қаласы білім басқармасының №128 жалпы орта білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Абзелова баяндама жасады.

Секциялық жұмыстарда 14-29 жас аралығындағы жас ғалымдар екі тақырып бойынша өз ғылыми мақалаларын қорғады.

Бірінші секция «Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбектері және оның бүгінгі маңызы» тақырыбына өтіп, Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі Э.Игілікова, екінші секцияда «Жалпыұлттық педагогиканың қанат жаюы және Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер» тақырыбына Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Жалпы педагогика» кафедрасының оқытушысы, психология ғылымдарының магистрі А.Әкімжан жас ғалымдарға модераторлық жасап, ғылыми мақалаларын бағалады.

Оффлайн өткен екі секциялық жұмыстардың нәтижесінде

І орынмен Н.Төребекова (Қызылорда облысы), С.Жахан (Тараз қаласы), М.Мұратбекова (Қостанай облысы), Б.Кеңшілік (Қостанай облысы), Ж.Байнабаева (Тараз қаласы),

ІІ орымен М.Қойшыбай (Тараз қаласы), А.Алпысбай (Тараз қаласы), Ж.Қалыбек (Тараз қаласы), Н.Нұрхожаев (Тараз қаласы), Қ.Жанболат (Тараз қаласы), А.Маратқызы (Қостанай облысы), Д.Кәрім (Қостанай облысы), Ж.Абжалелова (Шымкент қаласы), Г.Жұмабекқызы (Шымкент қаласы).

ІІІ орынмен Ұ.Айтқұл (Тараз қаласы), И.Предигер (Тараз қаласы), С.Сұлтанбаева (Тараз қаласы), Г.Ахмедбекова (Т.Рысқұлов ауданы), Д.Қосмұрат (Тараз қаласы), Е.Баяділов (Қызылорда облысы), Ж.Жакенова (Қостанай облысы), Ж.Мүсірәлі (Шымкент қаласы), Г.Ерғараева (Тараз қаласы), Ж.Сүлейманов (Т.Рысқұлов ауданы) марапатталды.

Жалпы конференцияға 300-ден астам жұмыс түсті. Оның ішінде 130-ға жуық жас ғылыми мақаласын қорғады.

Барлық қатысушыға қатысқандығын растайтын сертификат, ал ғылыми мақаласын қорғаған жас ғалымдарға жүлделі орындар тағайындалып, дипломдар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.