Таразда түнгі рейд жүргізілді

755

Облыс орталығында  Тараз қ. ІІБ ЖППБ-ның  12 қызметкері және Жамбыл облысы ІІД ЖПҚ-ның 11 қызметкерінің күшімен  қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін  қамтамасыз ету мақсатында  пысықтау жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі Жамбыл  облысы ІІД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға барлығы 7 қызметтік автокөлік, 8 радиостанция және бес бейнетіркеушілер қатысты. Рейд барысында жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 48 әкімшілік хаттама толтырылды. Негізгі бұзушылықтарға күңгірттелген әйнектегі автокөлікті басқаруға байланысты (12 дерек), қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін (5 дерек),  мемлекеттік нөмір белгісінсіз жүруі  (4 дерек), жол қиылысынан өту ережесін бұзу (4дерек). Көлік құралын мас күйде немесе есірткіден мас болып басқарғаны үшін үш жүргізуші ұсталды. Сондай-ақ, коммуналдық тұраққа 14 автокөлік кіргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.