Таразда түзеу мекемесіне жалған құжатпен кірмек болған ақтөбелік азаматша ұсталды

746

Жамбылда түзеу мекемесінің біріне жалған неке куәлігімен ұзақ мерзімді кездесуге кірмек болған азаматша ұсталды. Бұл туралы өңірлік ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

— Ерекше режимдегі ЖД-158/7 мекемесінде жазасын өтеуші жұбайымен ұзақ мерзімді кездесу үшін 32 жастағы азаматша ұсынған неке куәлігі жалған құжат екендігі анықталды. Аталған заңбұзушылық мекеме қызметкерлері Ақтөбе қалалық АХАЖ бөлімімен неке қию туралы куәлігін растау үшін салыстырып тексеру  үшін қоңырау шалу барысында белгілі болды. Азамашта ұсынған неке қию туралы куәліктің тіркеу базасында жоқ болып шықты. Яғни, сотталған А есімді азаматпен Р есімді азаматшаның неке қию туралы куәліктері заңдастырылмаған, — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда аталған факт бойынша сотталған азаматпен кездесу үшін заңды бұзған әйелдің үстінен ҚР ҚК-нің 352 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.