Таразда «Сергек» жүйесі іске қосылды

159
Таразда 2023 жылдың 16 қаңтарынан бастап «Сергек» зияткерлік қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесі іске қосылды.
Ведомствоның мәліметінше, 48 аппараттық-бағдарламалық жүйе қаланың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді (35-і желілік учаскелерде және 13-і жол қиылысында).
Жүйе жылдамдықты шектен асыру, тыйым салынған бағдаршаммен жүру, жол белгілерін бұзу сияқты жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейді. Жол қозғалысы ережелерін бұзуды есепке алу автоматты түрде жүреді. Барлық құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізіліміне автоматты түрде тіркеледі.
«Аппараттық-бағдарламалық жүйелермен тіркелген құқық бұзушылықтармен келіспеген жағдайда Жамбыл облысының полиция департаментіне немесе бұйрықта көрсетілген телефон нөміріне хабарласуға болады», деп хабарлады облыстық баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, «Сергек» зияткерлік қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесі Таразда 2022 жылдың 1 желтоқсанында тестілік режимде іске қосылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.