ТАРАЗДА СЕРГЕК ҚОСЫЛДЫ

242
Бүгін Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аймақта «Сергек» жүйесінің қосылуына байланысты тиісті сала мамандарының БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.
Тестiк режимнiң аяқталуына байланысты 2023 жылдың 16 қаңтарынан бастап облыс орталығында «Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесі іске қосылды.
Бүгінде қалада 48 аппараттық- бағдарламалық кешен (35 – желілік учаскеде және 13 – қиылыстарда) қаланың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Жүйе жылдамдық режимінен асып кету, бағдаршамның тыйым салу сигналына өту, жол белгілерiн сақтамау (тоқтау сызығын басу, қиылыстың алдында дұрыс орын ауыстырмау, тыйым салынған жерде тоқтау жән тұрақтау) секілді жол ережелерінің бұзылуын тіркейді.
Жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды тіркеу автоматтық режимде жүргізіледі және полиция қызметкері тексергеннен кейін құқық бұзушыға жіберіледі. Барлық ереже бұзу ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімінде автоматты түрде тіркеледі.
Хаттамаларды электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен erap-public.kgp.kz және egov.kz сайттарынан, сондай-ақ Каспий банкінің мобильдік қосымшасындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінде жүктеуге болады.
Айта кетейік, азаматтар тағылған айыппен, салынған айыппұлмен келіспесе Жамбыл облысының полиция департаментіне хабарласуына болады.

Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.