Таразда онколог дәрігерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

520

Таразда онколог дәрігерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Жамбыл облыстық полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 27 қыркүйек күні «Допинг» жедел-іздестіру шарасы барысында облыстық диагностикалық орталыққа тексеру жүргізді. Онколог дәрігердің есірткі құралдарымен және психотроптық заттармен жұмыс істеуіне рұқсаты, сондай-ақ есірткілік заттармен жұмыс істеуге бас дәрігердің бұйрығы болмай шықты», — деп мәлімдеді құқық қорғау органының баспасөз қызметінен.

Дәрігерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 303-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

«Бұдан бөлек, 10 қазан күні полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының және облыстық фармацевтика департаментінің қызметкерлері Тараз қаласындағы дәріханаларды тексерді», — делінген хабарламада.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.