Таразда «Латын әліпбиі – ел ертеңі» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтуде

750

Облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Тараз инновациялық гуманитарлық университетінде «Латын әліпбиі-ел ертеңі» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтуде. Маңызы зор, мәні ерекше жиынға елімізге белгілі ғалымдар, өңіріміздегі оқу орындарынан тіл мамандары қатысуда.
Жиынды ашқан облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли шараның маңыздылығына тоқталып, «дөңгелек үстел» отырысының жұмыс жоспарымен таныстырды.
Алғашқы болып баяндама жасаған А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтынын директоры Ерден Қажыбек латын әліпбиіне көшу тек әріп немесе жазу ауыстыру емес, бұл өркениеттік таңдау екенін, бұл бағытты өзгерту екенін басып айтып өтті. Сондай-ақ, Ерден Задаұлы келесі жылдан бастап оқулықтарды және ережелерді дайындау сынды жұмыстардың басталатынын жеткізді.
Сонымен қатар, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, профессор Жантас Жақыпов, Шайсұлтан Шаяxметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының орфография бөлімінің басшысы Құралай Күдеринова, Астана қаласы әкімдігі «Руxаният» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы басшысы Ержан Еңсебай латын әліпбиіне көшу бастамасының аясында қазіргі таңда атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстарды таныстырды.

Абзал Есіркепов

Leave A Reply

Your email address will not be published.