Таразда қойма өртке оранды

167

Тараз қаласында, Мәмбет батыр көшесінің бойында «Омар ата» базарының аумағында қойма өртке оранды.

ҚазАқпараттың мәліметінше, базардың аумағында 350 шаршы метр алаңда қоймада өрт тұтанған. Себебі анықталып жатыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қызыл жалын сағат 10.05-те өрт оқшауланды.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамның 40-қа жуық адамы және техникасының 13 бірлігі жұмылдырылды.

 

 

ТЖД баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.