Бүгінде тұрғын үйлер аумағындағы қоқыс тастау орындары үлкен мәселеге айналғаны жасырын емес. Әсіресе, ауа райының құбылмалы күндері контейнерлердегі қоқыстар жан-жаққа шашылып, жұртшылыққа қолайсыздық тудыратын. Оның үстіне кейбір тұрғындардың құрылыс қалдықтарын бей-берекет лақтыра салуы да аталған мәселені одан сайын күрделендіре түсетін.![]()

Тараз қаласының аумағын аралау барысында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев осыған баса назар аударып, нақты тапсырма жүктеген болатын. Соған байланысты қала әкімдігі тарапынан арнайы пилоттық жоба қолға алынды.



