Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Нияз Рыспаев нәзік жанды әріптестерін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Салтанатты жиында алғашқы боп сөз алған Нияз Қанатұлы қоғам тыныштығын күзетуде қаракөз қыздарымыздың еңбегі еселі екенін атап өтті.
— Құрметті арулар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Мерейлі мерекеде бар өздеріңізге лайықты құрмет көрсете отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Сіздер біз секілді еразаматтармен бірге қиындығы мол салада абыройлы қызмет етіп келесіздер. Тәртіп сақшысы болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ал сіздер бұл жұмыста жемісті жұмыс істеп жатырсыздар. Бұл ретте сіздерге алғысымыз шексіз, — деді Н.Рыспаев.
Айта кетейік, бұдан кейін мерекелік шара шен тағып, шекпен киген қыз-келіншектерді марапаттауға ұласты. Ал бұл күні тек департаментте қызмет ететін нәзік жандылармен қатар түзеу мекемелерінде тәртіп орнатып жүрген бұрымдылар құрметке бөленді. Аруларға департамент бастығының Алғыс хаты мен гүл шоқтары сондай-ақ естелікке сыйлықтар табыс етілді.