Таразда Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының арасында жолдастық кездесу өтеді

78

Ертең Тараз қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз Арена» спорт сарайында Қазақстан мен Өзбекстанның кәсіпқой боксшылары арасындағы жолдастық кездесу өтеді. Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқарамасының ұйымдастыруымен өтетін бокс кеші сағат 18:00-де басталады.

Жолдастықө кездесудің мақсаты – Қазақстан мен Өзбекстан спортшылары арасында достық, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, бокспен кәсібт түрде шұғылдануға тарту арқылы жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, оның халықаралық аренадағы беделін және қазақ боксын дамыту арқылы ұлттық идея деңгейін арттыру.

Ата кетер жайт, спортшылардың көз түйістіру және салмақ өлшеу рәсімі бүгін сағат 17:00-де «Тараз Март» сауда орталығының фойесінде өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.