«Қазақстан халқына» қорының бастамасымен Тараз қаласында ерте араласу орталығы ашылды. Аталған орталық Жамбыл облысы әкімдігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және “Қамқорлық” қорларының қаржыландыруымен іске қосылды.
Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының базасында ашылған орталықтың ашылуына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев, «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қамқорлық кеңесінің мүшесі Эльмира Алиева, “Қамқорлық” корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова қатысты.
Орталықтарда оңалтушы дәрігер, арнайы педагогикалық, невролог, емдік-денешынықтыру нұсқаушы, эрготерапев, логопед жұмыс істейді. Мамандар әрбір нәрестемен жеке айналысып, қоғамға бейімдеу бағытында қызмет көрсетеді. Балалар озық үлгілі арнайы жабдық арқылы диагностикалық аудиологиялық және ми тексеруінен өтеді.
Үш айдан үш жасқа дейінгі дамуында кінәраты бар балаларға арналған «Қамқорлық» ерте араласу орталығында жыл сайын 600 ерекше балаға оңалту шараларын жүргізіледі деп көзделуде.
Тараз қаласының әкімдігі