ТАРАЗДА ЕРТЕ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

95
«Қазақстан халқына» қорының бастамасымен Тараз қаласында ерте араласу орталығы ашылды. Аталған орталық Жамбыл облысы әкімдігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және “Қамқорлық” қорларының қаржыландыруымен іске қосылды.
Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының базасында ашылған орталықтың ашылуына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев, «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қамқорлық кеңесінің мүшесі Эльмира Алиева, “Қамқорлық” корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова қатысты.
❗Орталықтарда оңалтушы дәрігер, арнайы педагогикалық, невролог, емдік-денешынықтыру нұсқаушы, эрготерапев, логопед жұмыс істейді. Мамандар әрбір нәрестемен жеке айналысып, қоғамға бейімдеу бағытында қызмет көрсетеді. Балалар озық үлгілі арнайы жабдық арқылы диагностикалық аудиологиялық және ми тексеруінен өтеді.
✅ Үш айдан үш жасқа дейінгі дамуында кінәраты бар балаларға арналған «Қамқорлық» ерте араласу орталығында жыл сайын 600 ерекше балаға оңалту шараларын жүргізіледі деп көзделуде.

 

Тараз қаласының әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.