Таразда дүбірлі Наурыз тойы басталды

123
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 21 наурыз күні сағат 11.00-де орталық алаңда ұйымдастырылатын «Ар ма, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шараны тамашалауға шақырамыз!
Бағдарламада: киіз үйлер қалашығында қазақ халқының өткен дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі даму тарихы бейнеленіп, қолөнер, тұрмыстық, ұлттық салт-дәстүрлерінен көріністер, «Ұлы көш» шеруі, қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінен фотоаймақ, ұлттық спорттық ойындар, алтыбақан, ұлттық тағамдардан сауда-саттық, театрландырылған қойылым, эстрада жұлдыздары: «Алатау серілері» тобы, Ернар Айдар, Наркенже Серікбаева және жергілікті өнер жұлдыздары қатысады.
Келіңіздер, көріңіздер!
Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.