Таразда бірқатар мектептердің орнына жаңасын салу жоспарлануда

259

Сан-саланы қамтитын жөндеу жұмыстарының бір шарапаты білім саласына бұйырды. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қашықтықтан оқытуға көшкен білім нысандарын құр қаңыратпай, құрылыс алаңына айналдыруды тапсырған. Соған сай №17 Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Көп ұзамай №2,№4,№22,№16 орта мектептерінде де бұл жұмыс жалғасын табады. Кейбірінің орнына жаңа оқу ордасын салу жоспарлануда. Тірлікті тиянақты, дер кезінде аяқтау мақсатында қала әкімі Айтқазы Қарабалаев білім нысандарындағы құрылыс барысын барлады.
Сондай-ақ, шаһар басшысы сыртта орналасқан әжетханаларды оңтайландыру жұмыстарымен танысты. Бұл тізімде 7 мектеп бар. Оның екеуі жаңадан салынатын мектеп есебінен реттелсе, бесеуіне тиісті қаржы қарастырылып, құрылысы басталып кетті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сай, олар кәріз жүйесі жалғанған және мектеп ішінде орналасуы қажет. Қала әкімі қолға алған істі күнделікті қадағалап құрылыс басына жиі барып тұратын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.