ТАРАЗДА БАТАГӨЙЛЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

68
Таразда «Батамен ел көгерер» тақырыбында облыстық байқау өтті. Байқауға өңірдегі әр ауданнан 13 үміткер өтілім беріп, оның 9-ы қатысқан.
Байқауға баға берген қазылар алқасының шешімімен Жамбыл ауданының ардагері Рысбаев Орынбай ІІІ орын иеленсе, Меркі ауданының тұрғыны Белгібай Айнақұлов ІІ орыннан көрінді. Ал Жуалы ауданынан келген ақсақал Сейтқазы Медетбеков І орын алып, бүгінгі сайыстың жеңімпазы деп танылды. Бұл үш жеңімпаз ақсақал наурыз айында өтетін республикалық байқауға жолдама алды. Жеңімпаздарға қаржылай жүлделер табысталса, өзге ауданнан келген үміткерлерге де демеушілік тарапынан сый-сияпаттар көрсетілді.
Еске сала кетейік, қазақ халқының рухани қазынасы болып табылатын бүгінгі бата беру байқауы «Ауыл» партиясының Жамбыл облыстық филиалының және Шераға атындағы руханият орталығы мен облыстық ардагерлер кеңесінің бірлесе ұйымдастыруымен өтіп отыр.
Фото
Алтынбек Картабайдың қорынан алынды
Sheraga Ortalygy Ruhaniat

Leave A Reply

Your email address will not be published.