ТАРАЗДА 9 ФУТБОЛ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

25
Бүгінде елімізде жастар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын ұстануына басымдық берілуде. Осыған байланысты спорт алаңшаларына деген сұраныс уақыт өткен сайын артуда. Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің халықпен кездесулерінде де аталған мәселе үнемі көтеріліп келеді.
Осы бағытта қазір көне шаһар – Таразда ілкімді істер қолға алынуда. Әсіресе, шалғай алқаптар айрықша назарға алынған. Айталық, осы жылы Құмшағал алқабындағы спорт кешені қолданысқа берілсе, биыл 9 кіші футбол алаңшасының (Лұқманов көшесінің бойы, Солнечный, Химик, Ветеран, Бурыл, Қайнар алқаптары, «Қарасу», «Бәйтерек» және «Самал» шағын аудандары) құрылысы аяқталды. Бұдан бөлек, облыс орталығында жеке қаражат есебінен 3 жаңа спорт нысаны салынды.
Екпін түсіре атап өтерлігі, биыл жаңадан салынған футбол алаңшарына көрермендер мен ойыншылардың тынығып, матчтарды тамашалауы үшін 30 адамға шақталған орындықтар қойылуда. Бұрын-соңды алаңшаларды салу кезінде орындықтар орнату мәселесі ескерілген емес. Осыған мән берген шаһар басшысы бұл бойынша құрылыс мердігерлеріне нақты тапсырма жүктеген болатын. Нәтижесінде, қазір Лукманов көшесі, «Қайнар», «Бурыл», «Солнечный», Химик» алқаптары мен «Қарасу» (5) шағын ауданында басталған құрылыс жұмыстары толығымен тәмамдалды.
Жалпы, биыл шаһар бойынша 20 стритворкаут алаңы орнатылса, 14 спорт алаңшасы күрделі жөндеуден өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.