Тараз қаласының әкімі өз таңдауын жасады

128
Бүгін елімізде АЭС салу бойынша республикалық референдум өтуде. Соған орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков №41 референдум учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берді.
Айта кетерлігі, аталған учаскеде жалпы саны 2 626 сайлаушы дауыс беру құқығына ие.
Жалпы Тараз қаласы аумағында қазіргі таңда 135 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Олардың барлығында дауыс беру тиісті заңнамаға сәйкес таңғы сағат 7:00-де басталды. Сондай-ақ шаһар бойынша 256 985 сайлаушы болса, оның ішінде 18 жасқа енді толған 5 394 адам алғаш рет өз таңдауларын жасайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.